logo.gif (3480 bytes)

top_nav_left.gif (191 bytes)

Негізгі бетке

Кері байланыс

Байланысу

RUS

KAZ

ENG

+7 (7262) 55-67-55 Call-center,
ISO 9001-2016, ISO 14001-2016,
OHSAS 18001-2008

Қазақстан, Тараз, Пушкина көшесі, 29
Орталық туралы
   
Интерактивті сауалдама
 
Толығырақ...>>>
 
Банерлер
   

«Мейірім» медициналық орталығы – халықаралық стандарт бойынша жұмыс істейтін және ҚР СТ ИСO 9001-2009 сапа менеджменті   халықаралық стандартына сәйкес сертификаты бар облыстағы жалғыз мекеме.

         «Мейірім» медициналық орталығы 1999 жылы қаңтар айында ашылды.

Бүгінгі таңда бұл медициналық орталық құрылымында 50000 тіркелген адамға қызмет көрсететін қалалық емханасы, жоғары білікті терапиялық, хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін 62 төсек орындық көпбағдарлы ауруханасы мен диагностикалық орталығы бар облыстағы жекеменшік жетекші медициналық орталықтардың бірі.

Мекеменің амбулаторлық-емханалық, стационарлық және диагностикалық базасы әлемдік өндірушілердің әр түрлі ауруларды барынша дәл, қысқа мерзімде диагностикалауға мүмкіндік беретін ең заманауи және жаңа жабдықтармен жабдықталған.

        «Мейірім» МО– емханада, ауруханада және диагностикалық орталықта толық медицицналық қызмет кешенін көрсетеді. Жүргізілген зерттеулер негізінде, білікті мамандар сізге сапалы емдеу тағайындайды.

      Басқа ауруханалар мен емханалардан  ерен айырмашылығы біздің медициналық орталықта компьютерлік диагностиканың барлық түрлері – магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томография бар.  Тек бізде ғана 1 күнде зерттеу жүргізіледі және диагностика жасалады, ақылы үйге шақырту қызметі көрсетіледі, онда дәрігерлер кеңесі, қол әрекеті (манипуляция), зертханалық талдау сынамасы, ЭКГ, массаж жүргізіледі. Тек бізде ғана тәуліктің кез келген уақытында амбулаторлық емшара бөлмесінде әр түрлі қол әрекетін алуға болады. Біздің көптеген қызмет көрсету тізімімізде – пластикалық хирургия және дәрігерлік косметология, ішек тазалау, омыртқаны құрғақ созу, буындарды лазерлік емдеу, Холтер-ЭКГ– мониторлау  және т.б. бар.

Біз жеке медицинаның жаңа дәстүрлеріне сай жұмыс істейміз, онда емделушілермен жұмыс істеу үшін дәрігерде уақыты жеткілікті болады, экспертті класты ультразаманауи диагностикалық жабдықтар, аспаптық және зертханалық диагностиканың жоғары нақтылы әдістері пайдаланылады.    

Мекемеде білікті мамандар, медицина ғылымдарының кандидаттары, білікті дәрігерлер мен жоғары және бірінші санатты медбикелер жұмыс істейді. 6 дәрігердің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» ең жоғары марапаты бар. Мекеме дәрігерлері өздерінің біліктілігін бірнеше рет Қазақстан Республикасы мен шетел институттарының дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру курстарында (Ресей, АҚШ, Англия, Германия, Болгария, БАӘ-ның, Түркия, Қытай) жоғарылатады, медициналық қызмет саласындағы әр түрлі тағылымдамаларға қатысады.

Әрбір қызметкер мекеменің дамуына өзінің үлкен үлесін қосады. Мекеме қызметкерлері негізгі жұмыстардан басқа қала, облыс, республиканың қоғамдық өміріне белсене араласады. Мекеменің материалдық базасы жылдан жылға жақсаруда. Медициналық орталықтың барлық сала беделі мен имиджі өсуде,  ауруханада емделуге тілек білдірушілер мен емхана қызметіне жүгінушілер легі  артуда.

Мекеменің республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі көптеген марапаттары  бар. Сонымен қатар Орталық үшін ең басты марапат болып табылатын, емделушілердің ауызша және жазбаша алғыстары мен жағымды пікірлері өте көп.

Мекеме саясаты емделушілерге сапалы медициналық қызмет көрсету болып табылады, ал өзіміздің мақсатымыз облыс тұрғындарын жоғары сапалы диагностикалық зерттеу мен медициналық қызметпен қамтамасыз ету, сонымен қатар емдеудің инновациялық әдістерін дамыту, Сіздерге денсаулық сияқты баға жетпес байлықты сақтауға көмектесу.

 

Біздің мекеменің әр бөлімі туралы толығырақ Сіз «Қызметтер» бөлімінен біле аласыз.

 

 

                                                     

  • 4963
  • 106
  • 151
All right reserved! © МЦ «Мейірім» СТ РК ISO 9001-2016, ISO 14001-2016, OHSAS 18001-2008   
Разработано: Агентство "5-й Элемент"