Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді бірнеше жолмен тексеруге болады.
Электрондық үкімет порталы Egov.kz
Ол үшін «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударылған аударымдар және (немесе) жарналар сомасы туралы ақпарат беру» қызметін табу, «Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басу, ЖСН-ді көрсету қажет. Нәтиже 10 минут ішінде пайда болады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының https://msqory.kz/kk/ ресми сайты
«Сақтандыру мәртебеңізді тексеріңіз» бөлімі сайт парағының ортасында орналасқан. ЖСН енгізіп, «тексеру» командасын таңдаңыз.
Goldau 24/7 мобильді қосымшасы
Ол үшін мәзірде «Сақтандырылу мәртебесін тексеру» бөлімін таңдап, ЖСН-ді енгізу қажет. Терезеде мәртебе және алдыңғы 12 айдағы төлемдердің болуы туралы ақпарат пайда болады. Сіз қосымшаны PlayMarket және AppStore-дан жүктей аласыз.
Telegram-дағы @SaqtandyrýBot боты
Ботты іске қосу үшін келесі сілтемені ашу керек: https://t.me/SaqtandyryBot немесе іздеу жолына оның атын енгізіңіз, содан кейін «Сақтандырылу мәртебесін тексеру» бөлімін таңдаңыз, ЖСН-ді енгізіңіз.
Өз атыңызға аударылған аударымдар мен жарналар туралы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметіне келесі сілтеме арқылы тапсырыс беріп, біле аласыз: https://egov.kz/cms/kk/services/health_care/pass171-2_mz.
Мемлекет есебінен сақтандырылған жеңілдікті санаттарға келесі азаматтар жатады:
18 жасқа дейінгі балалар;
жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
бала үш жасқа толғанға дейін оны тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға, сондай-ақ баланы үш жасқа толғанға дейін күтуге байланысты демалыста жүрген адамдар;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар;
мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар;
бала кезінен мүгедектерге күтім жасаушылар;
мүгедектігі бар адамдар;
зейнеткерлер мен ҰОС ардагерлері;
орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар;
жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
жұмыс істемейтін оралмандар;
қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
тергеу изоляторларындағы адамдар.
Егер сіз көрсетілген санаттардың біріне жататын болсаңыз, бірақ сақтандырылмаған болсаңыз, онда растайтын құжаттардың тізімін жинап, оларды уәкілетті мемлекеттік органға ұсыну қажет. Барлық қажетті рәсімдерден кейін сізді женілдікті санатқа қосады, жарналарды сіз үшін мемлекет төлейді.
✅ Егер сізден шұғыл медициналық көмек алу үшін немесе учаскелік дәрігерге көріну үшін сақтандыру мәртебесінің болуын талап етсе;
✅ Егер учаскелік дәрігер болмаса, оған жазыла алмасаңыз немесе сізді қабылдаудан бас тартса;
✅ Егер сіз аумақтық принцип бойынша емханаға тіркелген болсаңыз да, учаскелік дәрігер/медбике немесе фельдшер медициналық көрсеткіштеріңіз бола тұра үйге шақыртуыңызға бармаса;
✅ Егер сіз бейінді маманға алдағы бір айға жазыла алмасаңыз;
✅ Егер медициналық көрсеткіштеріңіз бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілмесе;
✅ Егер сізді ақылы тексерулерге жіберсе немесе 10 жұмыс күнінен артық күту ұсынылса;
✅ Егер жүргізілген тексерістің нәтижелерімен сізді таныстырмаса;
✅ Егер диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәндансаңыз;
✅ Егер көрсетілген медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмаса;
✅ Егер дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытса немесе өзін талапқа сай ұстамаса;
✅ Егер өзіңіздің медициналық жазбаларыңызда қате деректерді немесе жазбаларды анықтасаңыз;
✅ Егер медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасына көңіліңіз толмаса.
*******
Медициналық көмек алу кезінде қосымша сұрақтар немесе мәселе туындаған жағдайда өз клиникасындағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналарының біріне өтініш қалдыра алады:
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
• fms.kz ресми сайты
• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
• 1414 байланыс орталығы
Сондай-ақ Damumed, Halyk, BCC.KZ, Kaspi.kz мобильді қосымшалары МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.
Льготные категории населения, взносы на ОСМС за которых платит государство
📲 Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында салық төлеушілер кабинетінің қолданушыларына МӘМС жүйесіндегі ағымдағы мәртебелерін және төлемдердің тұрақтылығын тексеруді ұсынатын SMS-хабарламалар жіберілетіні хабарланды.
Бұл шаралар МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесін жоғалтудың алдын алу үшін жасалып отыр.
❓Егер азаматтың мәртебесі «САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН» деп көрсетілсе, не істеу керек?
1) ҚЫЗМЕТКЕР жұмыс берушінің есепшісіне хабарласып, төлемдердің уақытылы жүргізілгенін тексеруі керек.
2) ЖЕКЕ КӘСІПКЕР немесе ДЕРБЕС ТӨЛЕУШІ төленбеген айлар үшін жарналарды анықтап, Kaspi.kz, Halyk, BCC.KZ мобильді қосымшалары арқылы төлеуі қажет.
Қосымша кеңес алу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына msqory.kz сайты, телеграм-бот (SaqtandyryBot), е-Оtinish платформасы арқылы өтініш қалдыруға болады.
Айта кетейік, жұмыс берушілер мен салық агенттері қызметкерлерге (оның ішінде азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істейтіндерге) ай сайынғы аударымдар мен жарналар туралы хабарлауға міндетті (ҚР «МӘМС туралы» заңының 14-бабының 7-тармағына сәйкес).
@msqory_kz